«Хан Шатырда» суға кеткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды – министр

4 Маусым 2019, 11:07
2427
Бөлісу:
«Хан Шатырда» суға кеткен қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында 9 жасар қыз бала суға батып кеткен болатын. Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев тілшілерге осыған байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Іс жүзінде қылмыстық іс қозғалды. Ол жерде жазғы лагерь болған. 30 бала бассейнде жүзіп жүрген. Кенеттен сәтсіз жағдай орын алып, бір оқушы қыз құлап кеткен. Біз қазір сол сәтте құтқарушылардың қайда болғанын, неге көмектеспегенін анықтап жатырмыз. Әрине, балалар лагерін ұйымдастырған және қауіпсіздікті қамтамасыз етпеген ұйымдастырушылардың жауапкершілігі туралы мәселе туындайтыны рас», - деді ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін.

Айта кетейік, 3 маусымда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында 9 жасар қыз бала суға батып кеткен болатын.

Баланың суға батып кеткеніне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 141-бабы (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

Өзгелердің жаңалығы