Хакерлер iOS 14-ті бір аптада бұзып тастады

26 Маусым 2020, 20:45
1475
Бөлісу:
Хакерлер iOS 14-ті бір аптада бұзып тастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Apple операциялық жүйесінің бета-нұсқасы iPhone X смартфондарында және одан ерте шыққан модельдерде осал болып шықты.


Хакерлер ОЖ бета-нұсқасы шыққаннан кейін бір аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде  iPhone-ды бұзу арқылы iOS 14 қорғанысын жарамсыз етті. Бұл туралы iPhoneHacks хабарлады.

Мамандар жаңа операциялық жүйесі бар құрылғыны бұзуға құрылғының жадымен байланысты checkm8 осалдығы мүмкіндік бергенін атап өтті. 

Джейлбрейкті iPhone X және IOS 14 бета нұсқасы бойынша ерте шыққан құрылғыларда орнату жүзеге асырылды. Жаңа смартфондарда iOS 14-ті бұзу үшін хакерлер жаңа жолдарды іздеулері керек.

IOS 14 соңғы нұсқасы ағымдағы жылдың күзінде шығуы керек, содан кейін хакерлер ОЖ бұзу үшін толық тетіктерді ұсынуға уәде береді.
 

Өзгелердің жаңалығы