Италияда тегін демалуға мүмкіндік бар

26 Маусым 2020, 20:26
1192
Бөлісу:
Италияда тегін демалуға мүмкіндік бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияда тегін демалуғыңыз келсе, аймақ туралы сауалнаманы толтыру қажет. Егер жолыңыз болса, Молизе аймағында 4 шілде мен 3 қазан аралығында тегін демалуға жолдама аласыз, деп жазады The Sun.

Туристер Римнен екі сағат қашықтықтағы Молизе аймағында тегін демала алады. Демалушыларға бірнеше жатын бөлмелері бар бос үйлер мен виллаларда бір апта тұру мүмкіндігі беріледі.

Молизенің жергілікті билігі Regalati il Molino акциясын іске қосты. Бастама аясында туристерге 40 тегін жолдама ұсынылады, олар бойынша 4 шілдеден 3 қазанға дейін демалуға болады.

Бақытты адамдар қатарына қосылу үшін итальян тілінде арнайы өтінімді толтыру керек және Молизеде демалысты неге өткізгіңіз келетінін көрсеткен абзал.

Өзгелердің жаңалығы