Кениялық бес жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды

29 Қаңтар 2019, 15:19
3526
Бөлісу:
Кениялық бес жеңіл атлет Қазақстан азаматтығын алды

Астана, BAQ.KZ. Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясы Кенияның бес жеңіл атлетіне "спорттық азаматтық" рәсімдеуді бастады. Бұл жөнінде Vesti.kz порталы хабарлайды. 


"Төрт спортшы - Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және бапкер Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан азаматтығын қабылдағаны туралы ақпаратты растаймыз",  - деді федерацияда. 

2019 жылдың қаңтар айынан бастап бұл спортшылар Шығыс Қазақстан облысы атынан жарыстарға қатысатын болады. Сондай-ақ,  олар - "Алтай Атлетикс" клубының мүшелері. 

Қазіргі уақытта Федерация жоғарыда аталған атлеттердің Халықаралық жеңіл атлетика, федерацияларының қауымдастығындағы (IAAF) "спорттық азаматтығын" рәсімдеуге кірісті.
Өзгелердің жаңалығы