Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты шектеу енгізілді

23 Ақпан 2021, 15:29
1535
Бөлісу:
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты шектеу енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Пайдалану басқармасының басшысы Ғабит Шымырбаев ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жолдарда қозғалысқа шектеу енгізілгенін айтты. 

Ақмола облысында:

- «Жақсы-Есіл-Бұзылық» автожолының 0-82 шақырымында, атап айтқанда, Жақсы мен Бұзылық ауылдарының аралығындағы учаске.

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 232-260 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай облысының шекарасы мен Сұрған ауылының аралығындағы учаске.

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 377-595 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының шекаралары аралығындағы учаске.

- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 917-995 шақырымында, атап айтқанда, Жақсы ауылы мен Атбасар қаласының аралығындағы учаске. 

- «Екатеринбург-Алматы» автожолының 995-1247 шақырымында, атап айтқанда, Атбасар және Нұр-Сұлтан қалаларының аралығындағы учаске. 

- «Көкшетау-Атбасар» автожолының 0-184 шақырымында, атап айтқанда, Көкшетау және Атбасар қалаларының аралығындағы учаске. 

Қарағанды облысында:

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 142-252 шақырымында, атап айтқанда, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығындағы учаске. 

Қостанай облысында:

- «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» автожолының 7-232 шақырымында, атап айтқанда, Қостанай қаласы мен Ақмола облысының шекарасы аралығындағы учаске. 

- «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-377 шақырымында, атап айтқанда, Қарағанды мен Ақмола облыстарының шекаралары аралығындағы учаске. 

- «Денисовка-Жетіқара-Мүктікөл-РФ шек.» автожолының 50-161 шақырымында, атап айтқанда, Жетіқара ауылы мен РФ шекарасы аралығындағы учаске. 

- «Денисовка-Аршалы-Комаровка» автожолының 0-96 шақырымында, атап айтқанда, Денисовка мен Комаровка ауылдары аралығындағы учаске.

- «Жетіқара-Чайковский» автожолының 0-27 шақырымында, атап айтқанда, Жетіқара мен Чайковский ауылдары аралығындағы учаске.

- «Мариновка ауылынының айналма жолы» автожолының 0-9 шақырымында.

Маңғыстау облысында:

- «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 210-332 шақырымында, атап айтқанда, Атырау облысының шекарасы мен Бейнеу ауылы аралығындағы учаске.

Өзгелердің жаңалығы