Қазақстанда қысқы волейболдан Азия чемпионаты өтеді
10 Қараша 2021, 22:14 92

Қазақстанда қысқы волейболдан Азия чемпионаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Азия волейбол конфедерациясы Қазақстанда қысқы волейболдан алғашқы Азия чемпионатын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл турнирдің азиялық нұсқасы 2022 жылдың ақпан айының соңына жоспарланған. Қысқы волейбол жарыстарын Өскемен немесе Нұр-Сұлтанда өткізу қарастырылады.

Қазақстан құрамасының аталған спорт түрі бойынша жарыстарға қатысу тәжірибесі бар. 2018 жылдың желтоқсан айында Мәскеуде еліміздің әйелдер командасы қардағы волейболдан Еуротурдың үздік бестігіне кірді.

Халықаралық волейбол федерациясы өзінің талаптылығын жасырмай, қысқы және жазғы Олимпиада ойындарында ұсынылатын әлемдегі алғашқы федерация болуға ұмтылады, – дейді Қазақстан Волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев.

Оңтүстік Кореяда қысқы Олимпиадада волейболдың болашақ олимпиадалық спорт түрі ретінде тұсаукесері өтті. Қазір бұл спорт Еуропа елдерінде өте танымал.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...