Қазақстанда дизотын көрші елдерге қарағанда арзан

23 Қыркүйек 2021, 12:54
19199
Бөлісу:
Қазақстанда дизотын көрші елдерге қарағанда арзан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев хабарлады. Оның айтуынша, үлкен айырмашылыққа байланысты бүкіл транзиттік жүк тасымалы жанар-жағармайды біздің елден құяды.

Ірі автожанармай құю станциялары ұсынған ақпараттарға сүйенсек, қалалық АҚС 70% бензин және 30% дизотын сатады екен. Сондай-ақ тасжолдың бойында орналасқан АҚС-да бұл көрсеткіштер керісінше, - деді департамент басшысы.

Айта кететін жайт, тұтынудың өсуіне транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы себеп болып отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан. Нақтырақ айтсақ, Ресей Өзбекстанмен салыстырғанда 90 теңгеге, 77 теңгеге және Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан. Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады, - деді Бауыржан Сәлімгереев.

Өзгелердің жаңалығы