Қазақстанда «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігі енгізіледі

7 Қыркүйек 2021, 14:30
2330
Бөлісу:
Қазақстанда «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігі енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде «дінге сенбейтіндер құқығы» түсінігін енгізу жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов мәлім етті.

Біз дінге сенетіндердің де, дінге сенбейтіндердің де құқығын құқықтарын сақтап, қамтамасыз еткіміз келеді. Осыған байланысты нақты түзетулер шеңберінде әлемдік тәжірибені негізге ала келе «Дінге сенбейтіндердің құқығы» түсінігін енгізгіміз келеді. Яғни қазіргі уақытта «Дінге сенетіндердің құқығы» бар. Біз зайырлы мемлекетпіз. Дініне, ұлтына, конфессиясына қарамастан бізде заң бәріне жоғары. Заң бәріне ортақ, -деді ол.

Сонымен қатар ол "Ауғанстаннан біздің елге жетуі мүмкін діни көзқарастардың болуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді. 

 Ауғанстандағы ахулаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істері министрлігі өз түсіндірмесін берген. Ал біз сол қағидаттарды ұстанамыз, – деді Нүкежанов.
Өзгелердің жаңалығы