Қазақстан білім беруге байланысты Сингапур, Финляндия сарапшыларын тартқан

10 Маусым 2021, 17:11
2506
Бөлісу:
Қазақстан білім беруге байланысты Сингапур, Финляндия сарапшыларын тартқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Премьер-министрінің орынбасары, әрі сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысында шетелдік серіктестердің қатысуымен ТжКБ білім беру бағдарламаларын жаңарту туралы айтты. 

Білім және ғылым министрлігі Сингапур, Финляндия, Германия сарапшыларын тарта отырып, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша 119 білім беру бағдарламасын жасады. «Жас Маман» жобасы аясында финляндиялық компанияның шетелдік мамандарын тарта отырып, 54 білім беру бағдарламасы әзірленді, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол сонымен қатар әлемнің жетекші оқу орындарымен стратегиялық серіктестіктің дамып жатқанын атап өтті.  

2018 жылы «Білім туралы» заңға барлық университтің академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кеңейту мақсатында түзетулер енгізілді.  Университеттер әлемнің жетекші университеттерімен профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы бойынша халықаралық стандарттар, сапа және басқаларын енгізу бойынша бірлескен ғылыми жобалар жүргізуде тікелей ынтымақтастықта болады, - деді министр.

Ол қолданыстағы колледждер базасында құзыреттілік орталықтары қалай құрылып жатқанын хабарлады.  

Мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мақсатында оқу орталықтарының базасында біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта «Атамекен» ҰКП тізіліміне қысқа мерзімді кәсіптік білім беретін 284 оқу орталығы кіреді. Бүгінгі күні 17 мыңнан астам адам бітіріп үлгерді. Оның 75%-ы жұмыспен қамтылған. 60 колледж базасында 136 мамандық бойынша құзыреттілік орталықтары құрылды, - деді Мұхтар Тілеуберді.

Өзгелердің жаңалығы