Бас жаңалықтар
Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы қалай жасақталады?
27 Шілде 2021, 16:41 166

Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы қалай жасақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте ҚР ҚМА Кадр жұмысы депаратментінің басшысы Нұрлан Адалиев айтты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандарын іріктеу жұмысына тоқталсақ, біз құқық қорғау органдарында жұмыс істегісі келетін жалынды жастарды таңдаймыз. Оған олимпиадалардың жеңімпаздары, үздік университеттердің түлектері тартылады. Үміткерлер құжаттарын тапсырып, әңгімелесуден кейін жұмысқа алынбайды. Олар арнайы сарапшылардың тобынан құралған комиссияның қарауынан өтеді. Олар бірнеше кезеңнен өтуі керек, - деді Адалиев.

Ол айтқандай, бүгінгі таңда 150-ден астам өтініш келіп түскен.

Алғашқы аптаның қорытындысы бойынша үміткерлерге әңгімелесуге келе алмайтын болса, алдын ала ескертулерін сұраймыз. ҚМА әлеуметтік желіде 3 түсіндіру тікелей эфирін өткізді. Үміткерлер белгіленген күні тестен өтеді. Онда оның білімі ғана емес, сараптамашы, технарь немесе тергеушіге бейімділігі анықталады. Үміткерлер эссе де жазады, - деді Нұрлан Адалиев.

Оның айтуынша, алғашқы кезеңде үміткерлерді алып тастау жүзеге асырылмайды.

Үміткерлерді таңдау тек агенттік басшылықтың қатысуымен болатын әңгімелесуде ғана іске асырылады, - деді ол.

Фото: дереккөз
Загрузка...