Кәрім Мәсімов қосымша қызметке тағайындалуы мүмкін

26 Ақпан 2020, 11:22
4487
Бөлісу:
Кәрім Мәсімов қосымша қызметке тағайындалуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Кәрім Мәсімов тағы бір спорттық қауымдастықтың тізгінін ұстайды деп күтілуде. 

2020 жылдың 29 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР қазақ күресі федерациясы, Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы және Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының біріккен конгресі өтеді. Конгресс аясында қазақ күресінің ауқымды мәселелері талқыланып, Qazaq kuresi қауымдастығы құрылады. Қауымдастық басшысы болып Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов тағайындалады деп күтілуде, - делінген ҚР қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Айта кетейік, қазақ күресінен екі халықаралық ұйым бар. Оның біреуі - Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы деп аталады. Оның президенті - ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің төрағасы Алик Шпекбаев. Екіншісі - ҚР президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев басқаратын Халықаралық Qazaq kuresi федерациясы. Енді осы екі ұйым өзара бірігуді көздеп отыр.

Айтпақшы, Кәрім Мәсімовтің әкесі Қажымқан Мәсімов кезінде Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының құрметті президенті болған.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов - ҚР триатлон федерациясы мен жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті.

Өзгелердің жаңалығы