Бас жаңалықтар
Карантинге байланысты елімізден көшіп кететіндер саны азайған
29 Мамыр 2020, 10:27 124

Карантинге байланысты елімізден көшіп кететіндер саны азайған

Алматы, BAQ.KZ. 2020 жылдың қаңтар-наурыз аралығында Қазақстаннан 7,3 мың адам көшіп кеткен. Бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 12,1% төмен. Бұл туралы finprom.kz зерттеу орталығы мәлімдеді.

Зерттеу орталығының мәліметінше, көшіп кетушілер санының азаюына COVID-19 инфекциясының таралуы себеп болған. Алайда Қазақстанға өзге елден көшіп келушілер саны өткен жылғымен салыстырғанда 34,4% артып, 4,3 мың адамды құраған.

2019 жылы елімізден 45,2 мың адам көшіп кеткен, келгендер саны 12,3 мың.

Осы жылдың үш айында көшіп кеткендердің 72,9% жұмысқа қабілетті адамдар. Яғни 16-дан зейнеттік жасқа дейінгілер саны 5,4 мың. Ал 1,7 мыңы 15 жастан төмен, зейнеттік жастан асқандар саны – 326 адам.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...