Қарағандыда француз мәдени орталығы ашылды

24 Қараша 2021, 19:09
834
Бөлісу:
Қарағандыда француз мәдени орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда бұған дейін астаналық филиалдың бір бөлігі ретінде жұмыс істеген Француз орталығы ресми түрде ашылды. Салтанатты рәсімге Францияның Қазақстандағы елшісі Дидье Канесс қатысты, деп хабарлады облыс әкімдігінің ресми сайты.

Бұл орталық Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларындағы альянстардан кейінгі Қазақстандағы төртінші орталық болды. Осылайша ол 131 елде 832 француз альянсы бар үлкен отбасына қосылды. Бұл француз тілін оқытатын және франкофон елдерінің мәдениетін тарататын, лингвистикалық әртүрлілік пен мәдениетаралық диалогты нығайтуға ықпал ететін мәдени-білім беру орталықтары, – деп атап өтті Дидье Канесс.

Қарағандыда француз мәдени орталығы ашылды

Орталықта қарағандылықтардың француз тілін жеке және топтарда үйренуге мүмкіндігі бар. Оқу аяқталғаннан кейін емтихан тапсырып, DELF және DALF бағдарламалары бойынша дипломдар алуға болады. Қатысушыларға франкофондық медиатека және Францияда жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат қолжетімді болады.

Орталық сонымен қатар француз мәдениетінің атмосферасына енуге мүмкіндік беретін іс-шаралар, кино көрсетілімдері, концерттер мен әдеби кездесулер өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы