«Канелоның» бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы мәлімдеме жасады

26 Қаңтар 2019, 14:13
1941
Бөлісу:
«Канелоның» бапкері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу туралы мәлімдеме жасады

Астана, BAQ.KZ. Мексикалық боксшы Сауль Альварестің бапкері (51-1-2, 34 КО) Эдди Рейносо командасының қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жекпе-жек өткізгісі келетін-келмейтіні туралы айтты.

«Алда Дэниэл Джейкобспен қиын жекпе-жек тұр. Осы жекпе-жектен кейін Сауль Головкинмен кездесуге қызығушылық танытып отыр», - деді Рейносо.

Альварес – Джейкобс жекпе-жегі 4 мамырда өтеді. Ал «Канело» мен Головкин осыған дейін 2017 жылы 15 қыркүйекте алғаш рет кездесіп, жекпе-жек тең аяқталды. Бір жыл өткен соң дәл осы күні екі боксшы қайта бокстасып, төрешілердің шешімімен Альварес жеңіске жетті.

Өзгелердің жаңалығы