Канада коронавирусқа қарсы жаппай екпе салуды бастады

15 Желтоқсан 2020, 14:24
1391
Бөлісу:
Канада коронавирусқа қарсы жаппай екпе салуды бастады

Алматы, BAQ.KZ. Канада 14 желтоқсаннан бастап COVID-19-ға қарсы екпе салу компаниясын бастады. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, Канада билігі алдымен медицина қызметкерлері мен қарттар үйінің тұрғындарына екпе салуды көздеп отыр. Ол үшін Pfizer-BioNTech екпесі қолданылуда.

COVID-19-ға қарсы вакцинаны алғашқы болып  Торонто қаласындағы қарттар үйінің қызметкері Анита Квиданген салдырған. 

Соңғы мәлімет бойынша, Канадада вирус жұқтырғандар саны 468,9 мың адамды құраған, олардың 379,5 мыңы жазылып шықса, 13 553-і қауіпті індеттен көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы