Бас жаңалықтар
Көлгінов мектепке баратын жолдар туралы: «не көлікпен жету, не жаяу бару мүмкін емес»
26 Тамыз 2019, 10:25 232

Көлгінов мектепке баратын жолдар туралы: «не көлікпен жету, не жаяу бару мүмкін емес»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі таңертенгі аралау кезінде екі мектепке барып, олардың жұмыс барысымен танысты, деп жазды әкімдіктің ресми сайты.

Мәселен, #28 мектептің қосымшасының құрылысы жүргізілуде. Жаңа корпус 300 орынға есептелген. Сондай-ақ, қосымша ғимаратта спорт зал, асхана болады. Корпус қазан айында ашылады. Мектеп қосымшасы аумағында ойын алаңы орнатылады.

Таңғы аралау аясында барған екінші орын #67 мектеп болды. А. Көлгінов мектепке қауіпсіз кіреберіс жолын салу қажеттілігі туралы айтты.

«Мектептерді салып жатырмыз,бірақ кіреберіс жолдары туралы ойламаймыз. Осындай мәселе #75 мектебінде бар. Тұрғызған жаңа құрылыстар жанында, дұрыс жол жоқ. Ата-аналар мен оқушыларға аулалар арқылы баруға тура келеді. Оқу орындарына қауіпсіз жолдар салу, көлікке арналған тұрақ орындарын ойластыру қажет", - деді А. Көлгінов.

Бұдан басқа, ата-аналар мен оқушылардың ыңғайлылығы үшін бірнеше жерде калиткалар ашылады. Алдағы 5 жылда елордада 40-қа жуық білім беру нысаны салынады.

Загрузка...

Сізден жаңалық