Испанияда жеңіл ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, жеті адам қаза тапты

26 Тамыз 2019, 10:13
1607
Бөлісу:
Испанияда жеңіл ұшақ пен тікұшақ соқтығысып, жеті адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Испанияда Мальорка аралындағы (Балеар аралдары) Инка муниципалитетінде жеңіл ұшақ тікұшаққа соқтығысып, жеті адам қаза тапты, деп хабарлады Азертадж ХАА агенттігі.

"Агенттіктің мәліметінше, мерт болғандардың арасында ата-анасымен бірге саяхатқа шыққан екі бала да бар. Балалардың ата-анасы - Германия азаматтары. Ұшақта бір ұшқыш пен бір жолаушы болған. Апаттан аман қалғандар жоқ. Ұшақ пен тікұшақтың қалдықтары жекеменшік үйдің үстіне құлап, сол жерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жылдам жетіп, тілсіз жауды сөндірген. Азаматтық гвардия апат себептерін тергеуді қолға алды", - делінген таратылған ақпаратта.

Агенттіктің хабарлауынша, Балеар аралдары үкіметінің төрағасы Франсина Арменгол мен Испанияның премьер-министрі Педро Санчес апат құрбандарының жақын-туыстарына қайғысына ортақтаса көңіл айтты. Енді Балеар аралдарының үкіметі алдағы үш күнді қаралы күн деп жарияламақ.
Өзгелердің жаңалығы