Ішкі тұрақтылық болса, реформалар әрі қарай ойдағыдай жүргізіледі – Мемлекет басшысы

9 Маусым 2019, 10:59
23870
Бөлісу:
Ішкі тұрақтылық болса, реформалар әрі қарай ойдағыдай жүргізіледі – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев №115 саулау учаскесіне келіп, Мемлекет басшысын сайлау үшін өз дауысын берді. Сонымен қатар, ол бүгінгі сайлаудың еліміздің болашағы үшін қандай рөл атқаратынын айтып өтті. 

«Еліміз қай бағытта дамиды? Жалпы мемлекетіміз қандай болады? Осындай әлеуметтік-экономикалық көптеген мәселе халқымызды алаңдатады, толғандырады. Сондықтан сайлау кезінде осы сұрақтарға жауап беруіміз керек. Сайлау еліміздің болашақта қандай болатынын білу үшін елді кім басқаратынын анықтап алуға өте жақсы мүмкіндік», - деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысының сөзінше, сайлау демократиялық, ашық түрде өтуі үшін билік тарапанынан барлық қажетті жағдай жасалды.

Мемлекет басшысы «Сайлауға қандай көңіл-күймен келдіңіз?» деген журналистер сұрағына жауап берді. 

«Көңіл-күйім жақсы, басқаша болуы мүмкін емес. Сайлау деген бұл үлкен мереке. Осындай мерекемен барша халқымызды құттықтаймын. Жаңа ғана бір жағымды жаңалық келді. Боксшымыз, еліміздің мақтанышы Головкин тағы да жеңіске қол жеткізді. Сондықтан келешекте бәрі де дұрыс болады деп ойлаймын. Ең басты құндылығымыз – татулық, ынтымақ, бірлік сақталады. Бұл ең басты мәселе. Ішкі тұрақтылық болатын болса, реформалар әрі қарай ойдағыдай жүргізілетін болады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты нокаутпен жеңді

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сайлау, әсіресе президент сайлауы – бұл соғыс алаңы немесе текетірес үшін себеп емес, бағдарламалар мен пікірлер сайысы екенін айтты. 

Фото: Артем Чурсинов
Өзгелердің жаңалығы