Бас жаңалықтар
Иммунолог: Инфекциялық емес аурулар болмайды
12 Қыркүйек 2019, 13:48 226

Иммунолог: Инфекциялық емес аурулар болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Инфекциялық емес деп саналатын онкологиялық, жүрек-қантамыр және қант диабеті дерттері инфекция нәтижесінде пайда болады. 

Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен «Жаһандану жағдайындағы инфекциялық аурулар: мәселелер мен шешімдер» қазақстандық алғашқы конгресінде иммунолог Борис Каральник айтты.

«Инфекция – жер бетіндегі тіршілік эволюциясының негізгі, тіпті басты факторларының бірі болуы мүмкін. Инфекция атаулыны түбегейлі жою – ең күлкілі міндет. Совет Одағы тұсында, 1950 жылдары медициналық мекемелердің қабырғасында «Инфекциясыз коммунизм» деген ұран сөздер ілініп тұрған. Бұл насихаттаушылардың қаншалықты сауатсыз болғандығын көрсетеді. Инфекцияның болуы – қайғылы жағдай емес, қайғылы жағдай – инфекцияның адам денсаулығына қауіп төндіретіндігі. Ғылымның дамуы арқасында вакцина арқылы инфекцияларды қадағалауды үйренік. Былтыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам денсаулығына қауіп төндіретін он қауіпті айтты. Он қауіптің алтауы – инфекциялық қауіп. Жыл өткен сайын антимикробтық препараттарға төзімділік артып келеді», - дейді Борис Вольфович. 

Иммунолог инфекциялық аурулардан гөрі инфекциялық емес ауруларға назар аудартқылары келетіндердің әрекеттері күлкі келтіретінін айтты.

«Мәселе олай етуге негіз жоқ екендігінде емес, мәселе – инфекциялық емес аурулардың өзі шын мәнінде инфекциялық ауруға жататындығында. Инфекциялық емес ауру түрлеріне онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және қант диабеті ауруларын мысалға келтіреді. І типті диабет ауруының тууына Коксаки вирустарының бірі әсер ететіні дәлелденген. 2010 жылы онкологиялық аурулардың 21%-ы вирустан пайда болатыны дәлеледенді. Бүгінгі күнге дейін бұл көрсеткіш өскен де болар. Жүрек-қантамыр аурулары, мысалы атеросклероз дерті қантамырдың шырышты қабатының әртүрлі инфекциялар саларынан зақымдалуынан пайда болатыны дәлелденді. Демек, инфекциялық емес дерт болмайды, сондықтан адам денсаулығына қауіп төндіретін нәрселердің бірі –  вакцинациядан бас тарту», - дейді иммунолог.

Бұған дейін вакцинацияның арқасында адам өміріне қауіп төндіретін қаншама инфекция, эпидемияларды жеңгеніміз туралы жазған болатынбыз. 

Конгресс ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Астана медицина университеті және Инфекционист дәрігерлер қоғамы Санофи компаниясының қолдауымен өтуде.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық