Ильин жаңа қызметке тағайындалды

5 Желтоқсан 2020, 16:42
1953
Бөлісу:
Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Ұлттық дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығының бас ғылыми қызметкері болып тағайындалды.

Бұл туралы Илья Ильин Instagram парақшасында жазды.

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің төрт дүркін чемпионы және Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Ильин Илья Александрович ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» РМҚК дене шынықтыру саласындағы ғылыми зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалды, - делінген спортшының жазбасында.

Өзгелердің жаңалығы