Ильин Евгений Зиничевтің жақындарына көңіл айтты

8 Қыркүйек 2021, 18:01
1516
Бөлісу:
Ильин Евгений Зиничевтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан ТЖМ басшысы Юрий Ильин Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрінің қаза болуына байланысты көңіл айтты.

Ресей Федерациясының Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрі, армия генералы Евгений Николаевич Зиничевтің мезгілсіз қаза болуына байланысты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және жеке өз атымнан қайғыра көңіл айтамын. Евгений Николаевичтің қызметтік борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадық, - деді министр.

Хатта ол көреген басшы, беделді саясаткер және біздің ведомстволарымыз арасындағы екі жақты қатынастарды орнатуға және дамытуға ерекше үлес қосқан тұлға болып мәңгі есімізде қалатыны жазылған.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Евгений Николаевичтің отбасы мен туыстарына, сондай-ақ Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың салдарын жою істері министрлігінің барлық қызметкеріне көңіл айтты.

Еске сала кетейік, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Евгений Зиничев Норильскте оқу-жаттығу кезінде қаза тапты.

Өзгелердің жаңалығы