Бас жаңалықтар
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп мерт болды
08 Қыркүйек 2021, 17:37 148

Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі адам құтқарамын деп мерт болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ресей Төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев Норильскте оқу-жаттығу кезінде қаза тапты. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Зиничев Дудинкаға Краснояр өлкесінің губернаторы Александр Усспен бірге жаңа өрт сөндіру бекетінің құрылысын тексеру үшін барған.

«Россия сегодня» ХАА және RT бас редакторы Маргарита Симонян қайғылы оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Олар оператормен өзен шетінде тұрған. Оператордың аяғы тайып, суға құлап түсті. Куәгерлер жеткілікті болды. Барлығы көзді-ашып жұмғанша болды. Зиничев оператордың артынан суға секірген кезде, басын тасқа соғып алды. Ол нағыз құтқарушы ретінде көз жұмды, – деп жазды ол Telegram каналында.
Норильскте Арктика аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу жиындары болған.

Фото: дереккөз
Загрузка...