Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Айыппұл үшін әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған

10 Мамыр 2021, 17:39
4364
Бөлісу:
Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Айыппұл үшін әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Тбилисиде 5 мамыр күні 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Аталған іс бойынша тергеу жүргізілуде.

Бұл туралы «НемолчиKZ» қоғамдық қорының өкілдері Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Еске салсақ, Грузия прокуратурасының хабарлауынша, ұсталған ер адамның Әселді өлтірем деп қорқытып, зорлап келгені анықталды. Сол себепті ол өз-өзіне қол жұмсауға бел буған. Күдікті 6 мамырда құрықталды. Грузия қылмыстық кодексінің «зорлық-зомбылық» және «өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» баптары бойынша тергеу амалдары басталды.

Qumash телеграм-каналында күдіктінің суреті жарияланды.

Грузиядағы қазақстандықтың өлімі: Айыппұл үшін әкесі қызының мүрдесін алып кетуге бара алмаған

Көмек іздеген Әселдің туыстары «НемолчиKZ» қорына жүгінген. 

Қазір біздің екі өкіліміз Тбилисиде. Олар Әселдің ата-анасын күтіп отыр. Сонымен қатар қолдау көрсету мақсатында біздің өкілдеріміз Тбилисидің құқық қорғау ұйымдарына өтініш жасады. Оның жауабын күтіп отырмыз. Грузия адвокаттары мен құқыққорғаушылары арасынан қолдау тапсақ, міндетті түрде хабарлаймыз, - деді қор өкілі Татьяна Король.

Айтуынша, марқұм өлерінің алдында Б. есімді азаматпен сөйлескен жазбасын құрбысына жіберіп үлгерген. Ол хабарламаны құрбысы  мамырдың 4-нен 5-не қараған түні оқыған. Кейіннен Әсел құрбысымен қайта байланысқа шықпаған.

Жазбада белгісіз ер адам Әселге дауыс көтеріп жатқаны естіледі. Ол өзі туралы көп нәрсені айтады. Жасы 50-де екенін де айтты. Ер адам Әселге қоқан-лоқы жасап, беделді туыстарының бар екенін, 10 жыл түрмеде отырғанын айтып қорқытқан. Әсел одан қорқатыны сөзінен байқалады. Оның қорлауына көніп, тіпті оған Сіз деп, байсалды сөйлеседі. Ал ер адам болса, Сен деп қана қоймай, боқтап сөйлеседі, - дейді ол.

Жазбадағы Әселдің сөзінен оның Грузияға келгесін туысқаны тарапынан сексуалдық зорлық-зомбылық көргені анық естуге болады. 

Кейіннен оны осы қаскөйге беріп жіберген. Әсел қиын жағдайға тап болғанын біліп, екеуінің әңгімесін жазып алған. Сөз арасында ер адамның оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені естіледі: «Сен секіре алмасың, сен біткен адамсың, секіре алмайсың» дейді, сосын қыздың терезеге қарай жүгіріп бара жатқаны сияқты бір шуыл естіледі, алайда ер адам оны тоқтатады. Бұдан бөлек, әңгіме барысында оны үнемі ақталуға мәжбүрлейді. Ал Әсел болса, әрқашан адал еңбек еткенін, фитнес-клубта әкімші болғанын айтады. Сонымен қатар ол Грузияға сұхбаттасудан өткеннен кейін келгенін, оған ТМД елдеріне инормаркаларды қайта сатумен айналысатын фирмада жұмыс ұсынған соң келгенін айтады, - деді «НемолчиKZ» өкілі.

Әсел тиісті құжаттаманы жүргізіп, көліктің ақауларын компьютерге енгізіп отыратын маман болып жұмысқа кірген екен. Оған 10.00-нан 17.00-ке дейін жұмыс режимі мен 500 доллар көлеміндегі айлық төленетінін уәде еткен.

Бізді қазақстандық ер адамдардың біздің бойжеткендерді соншалықты сыйламайтыны таңғалдырады. Біреуі зорлап, басқа қаскөйдің қолына беріп жібереді. Ал оның Қазақстандағы басқа досы болса, қаскөйге қазақстандық қыздардың зұлым екенін, ол оларды жақсы білмейтінін айтады. Қыз зорлаған досын ақтап алмақшы болып, қаскөйге қыздың өзі жабысқанын айтып сендірген, - дейді ол.

Әсел Қазақстаннан кетіп, шетелде өмір сүруді армандаған. Алайда шетелге барып, сексуалдық зорлықтың құрбанына айналды. Бұның бәрін Қазақстандағы туысының сүйемелдеуімен іске асып отырған.

Біз кәсіби тергеудің жүргізілетініне үміттеніміз. Сараптама жүргізіліп, Әселдің нақты қалай қайтыс болғаны анықталуы керек. Марқұмның туған-туыстарына көңіл айтамыз. Қолымыздан келгенше, көмек көрсетеміз. Қазір оның туысқандарына қазақстандықтар тарапынан көмек пен қолдау қажет. Дина Алмат Мұхамеджановпен бірге Грузияда. Олар консулмен және полициямен кездесу ұйымдастырып жатыр. Көмек берем деушілер болса, +77078418793 каспи голдына ақша аудара алады. Марқұмның әпкесі осы жұмысты ұйымдастырып жатыр, - деді Татьяна Король.
Татьяна Король Ерлан Тұрғымбаевқа осы іске қатысты сауал жолдады.
Тбилисиден осындай ақпарат келді. Әзірге оны ешкім растамады. Ертең марқұмның анасымен бірге Консулдық, полиция және прокуратура өкілдерімен кездесеміз. Тбилиси полицейлері бейнебақылау камераларынан барлық қажетті материалды жинап қояды деп үміттенеміз. Ал марқұмның туысқаны Мұратқа келер болсақ, Әсел телефондық жазбада оны зорлық-зомбылық жасады деп айыптады. Әселдің анасының айтуынша, Мұрат қазір астанада. Оны полиция тергеп, үйіне жіберіпті. ҚР ІІМ @qriim_mvdrk қандай шара қолданып жатқанын білгіміз келеді? Ерлан Тұрғымбаев, марқұмның жездесі ешқандай жауапкершілікке тартылмайды ма?, - деді ол.

Корольдің сөзінше, Әселдің әкесі қызының мүрдесін алып кету үшін Грузияға бара алмаға. Айыппұлы бар деп оны әуежайдан әрі өткізбеген. 

Қаза болған қазақстандық Әселдің анасы Айсұлу АйтпаеваТбилисиге жалғыз ұшып келді. Әкесі Алтай Айтпаевты елдің әуежайынан шығармады. Айтуынша, айыппұлы бар. Бірақ қандай екенін түсіндірмеді. Ұшардан үш күн бұрын елден шығуға ешқандай шектеу болмаған еді. Дегенмен біздің гуманистік мемлекет қызының мүрдесін алып кету үшін әкесін жібермеді. Тбилисиде тергеу соты зорлық жасады деген күдікпен ұсталған ер адамды екі айға қамау туралы шешім шығарды. Аталған іс бойынша келесі тыңдау 23 маусымда өтеді, - деді ол.
Еске салсақ, 6 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваның жұмбақ жағдайда көз жұмғаны хабарланды. 7 мамырда ҚР СІМ Грузиядағы қазақстандықтың өліміне қатысты ресми мәлімдеме жасады.


Өзгелердің жаңалығы