Бас жаңалықтар
Google Translate енді қазақ тілі дыбысын тани алады
23 Ақпан 2021, 18:05 230

Google Translate енді қазақ тілі дыбысын тани алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ тіліндегі дыбысты тану Google Translate мобильдік қосымшасында 6.17.0 жаңарту жүйесі жасалғаннан кейін қолжетімді болып отыр.

Google Translate сервисі енді қазақ тілін тани алады. Мобильді қосымшада қазақ тілінен дауыстық аударма іске қосылды.

Қазақ тіліндегі дыбысты тану Google Translate мобильдік қосымшасында 22 ақпанда шығарылған 6.17.0 жаңарту жүйесі жасалғаннан кейін қолжетімді болып отыр. Бұл туралы App Store-дағы «Не жаңалық» бөлімінде жазылған.

Айта кетейік, қазақ тілінен дауыстық аударма Google Translate десктоп-нұсқасында әлі пайда болған жоқ.

Google Translate-те қазақ тілінен дауыстық аударманың пайда болатыны туралы ақпарат 2017 жылы хабарланған болатын. Қазақ тілін Vоісе-to-Text технологиясына осы жобаға 4 млн теңге бөлген демеуші есебінен қосу жоспарланған еді.

Ал Google Translate жүйесіне қазақ тілінің мәтіндік аудармасы 2014 жылдың желтоқсан айында қосылды.


Фото: дереккөз
Загрузка...