Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты

13 Наурыз 2021, 03:40
1500
Бөлісу:
Германиядағы турнирде қазақстандық үш боксшы финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Германияның Кельн қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде алғашқы финалистер анықталды, деп жазады Olympic.kz.

52 келідегі Сәкен Бибосыновтың жартылай финалдағы қарсыласы, венгриялық боксшы кездесуге шығудан бас тартты. Осыған орай Бибосынов автоматты түрде турнирдің финалына жолдама алды.  Сондай-ақ ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай да бәсекенің бас жүлдесіне таласады.

81 келіде жұдырықтасатын Нұрбек Оралбай мен 91 келідегі Айбек Оралбай германиялық қарсыластарын жеңіп, финалға өтті.

Өзгелердің жаңалығы