Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін Almaty Arena-да өткізгісі келеді

27 Ақпан 2019, 17:51
2720
Бөлісу:
Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін Almaty Arena-да өткізгісі келеді

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Екі салмақ дәрежесі бойынша кәсіпқой бокстағы әлем чемпионы Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегін Алматы қаласында өткізгісі келетінін мәлімдеді.

«Келесі жекпе-жегімді Almaty Arena-да өткізгім келеді. Ұйымдастырушылар мен демеушілер мені қолдайды деп үміттенемін. Өкінішке қарай, бұл уақытта Ева Вальстреммен кездесуді ұйымдастыру мүмкін болмайды. Бірақ мен жаңа салмақ дәрежесінде чемпиондық кездесу өткізуге дайынмын және үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы атанғым келеді. Қазақстанды бүкіл әлемге танытқым келеді», - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетейік, Фируза Шәріпова бұған дейінгі кездесуін 2018 жылғы 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте өткізген болатын. Оның қарсыласы ринг қожайыны Юлия Куценко болды және қазақстандық боксшы 10 раудтың нәтижесі бойынша өзінің титулдарын қорғап қалды.

Қазіргі уақытта Фируза Шәріпова WBC және WBA чемпиондық титулдарына міндетті үміткер болып тұр. Алғашқы WBC титулы Ева Вальстремде болса, WBA титулы Кэти Тейлорда.

24 наурызда Алматы қаласында бокс кеші өтеді. Онда қазақстандық Айдос Ербосынұлы WBA Intercontinental, WBC Asia және WBO Global белбеулері үшін жекпе-жекке шығады.

Бокс кешін ұйымдастырушы – Suleimen Boxing Promotions компаниясы.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріповаға Токиода өтетін Олимпиада ойындарында басқа елдің атынан шығу 1 млн доллар ұсынылған. Бұл туралы оның менеджері Сергей Завилейский мәлімдеді.

Рахиля Бекназарқызы

Өзгелердің жаңалығы