Exit poll нәтижесі жарияланды

11 Қаңтар 2021, 00:05
2377
Бөлісу:
Exit poll нәтижесі жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институты ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарын сайлау бойынша Exit poll нәтижесін жариялады. 

Бұл туралы «Қоғамдық пікір» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова “Орталық коммуникациялар қызметінде” өткен брифингте мәлімдеді. 

Exit poll нәтижесі мынандай: 

«Nur Otan» партиясы –  71,97%

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 5,75 %

«ADAL» саяси партиясы – 3,07%

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы –- 10,18 %

Қазақстанның Халық партиясы – 9,03 %

Айта кетсек, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-20.00  аралығында  жүргізілді.

Өзгелердің жаңалығы