Бас жаңалықтар
Ерғалиев экономикалық көрсеткіштер бойынша өңірлерді жіктеді
12 Мамыр 2021, 09:24 967

Ерғалиев экономикалық көрсеткіштер бойынша өңірлерді жіктеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев ҚР 2021 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы өткен Үкімет отырысында айтты.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлердің нәтижелері туралы айтып өтсек. Барлық 7 көрсеткіш бойынша оң өсу екі өңірде – Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында тіркелді. 6 көрсеткіш бойынша 5 өңірде (Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облыстары) өсу байқалады. 9 өңірде 4-5 көрсеткіш бойынша өсу тіркелді, - деді ол.

Министр БҚО-да тек 2 көрсеткіш бойынша өсім тіркелгенін айтты.

Жалпы сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып жатыр. Бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқанын айғақтайды. Сауда бойынша 13 өңірде өсу байқалады. Оның ішінде бөлшек сауда 6,2 пайызға өсіп, ішкі сұраныстың қалпына келуін көрсетеді. Атырау Маңғыстау облысы мен Шымкент қаласынан басқа қызмет көрсету саласы жақсарды, - деді Ерғалиев.
Министр өңірлердің экономикалық өсімін қамтамасыз ететін шаралар туралы айтып өтті.
2021 жылға артналған экономикалық өсуді қалпына келтіру жоспарын тиімді іске асыру қажет, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан 11,5 млрд доллардың тауарын экспорттаған.

Фото: дереккөз
Загрузка...