Бас жаңалықтар
Елімізде жыл сайын 2 мың адам өкпе қатерлі ісігінен көз жұмады - Диляра Қайдарова
29 Сәуiр 2021, 10:09 293

Елімізде жыл сайын 2 мың адам өкпе қатерлі ісігінен көз жұмады - Диляра Қайдарова

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда «Өкпе қатерлі ісігі. Озық шешімдер» тақырыбында онлайн халықаралық конференция өтіп жатыр.

Жиынның ашылуында Қазақстанның бас онкологы, профессор Диляра Қайдарова елдегі онкологиялық мәселеге тоқталып, қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау жолдары жайлы айтып берді.

Онкологияда өкпе қатерлі ісігі ең маңызды мәселенің бірі. Жыл сайын Қазақстанда өкпе қатерлі ісігінен 3500-дей адам ауырады. Сондай-ақ жылына 2 мыңнан астам науқас өмірден өтеді. Яғни күн сайын 7 адам осы аурудан қайтыс болады. Бізге келетін науқастардың 80%-ы сырқатын асқыныдырап алғандар. Сондықтан бүгін ісікті ерте кезеңінде анықтау және алдын алу скринингтері, терапияның инновациялық әдісі жайлы айтамыз. Қазір Қазақстанда өкпе ісігін ерте кезеңінде анықтау үшін кешенді скиринингті енгізгелі отырмыз. Ол төмен дозалы компьютер томографиясымен жасалады. Бұл әдіс өкпе рагын ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. Сәйкесінше оны емдеу жеңіл болады,-деді ол.

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Қазақстандық онкологтар қауымдастығы» ҚБ-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға Италия, Түркия, Испания, Ресей, Белоруссия және Қазақстанның онкологиялық орталықтардың сарапшылары қатысып жатыр.

Өкпе қатерлі ісігі – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісік. Қатерлі ісік ауруын зерттеу жөніндегі халықаралық агенттіктің мәліметінше, жыл сайын 2 миллионнан астам адам өкпе қатерлі ісігімен ауырады, олардың үштен екісі ер адамдар - 1 368 524, ал, үштен бірі әйелдер -725 352. Өкпе қатерлі ісігі бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруынан болатын өлімнің басты себебі болып табылады. Жыл сайын бұл аурудан 1,8 миллионға жуық адам қайтыс болады екен.

Өкпе қатерлі ісігінің негізгі себебі – темекі шегу, оның ішінде пассивті, яғни барлық жағдайлардың шамамен 90%. Қазақстанда онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім құрылымында өкпе қатерлі ісігі де бірінші орында,- дейді Қазақ онкология және радиология Ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы Диляра Қайдарова.

Фото: автордан
Загрузка...