Бас жаңалықтар
Елордалық жас сарбаздар дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады
19 Маусым 2021, 13:48 925

Елордалық жас сарбаздар дәрігерлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы, ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Хан шатыр» ойын сауық орталығына барып, «Вакцина пунктерінде» жұмыс істеп жүрген медицина қызметкерлеріне гүл шоқтарын сыйлап, мерекемен құттықтады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Пандемия кезінде медицина қызметкерлерінің жұмысы ауырлай түсті. Ақ халатты абзал жандарымыз, тіпті 24 сағат жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бұның бәрі, әрине халықтың денсаулығын ойлағандықтан. Еліміздің әрбір медицина қызметкерін құрметтеуіміз керек деп ойлаймын. Бүгін «Жас Сарбаз» ұйымы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының тәрбиеленушілері, шын ниеттерімен келіп осы вакцинацилау пунктіндегі медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді, - деді Асхат Налшыбек. 

Өз кезегінде ақхалатты абзал жандар ықыласы мен жылы лебізі үшін алғыстарын білдірді.

Құрметті,«Жас Сарбаздар» сіздерге көп-көп рахмет! Бізді осылай елеп-ескеріп мерекемізбен құттықтағандарыңызға алғыс білдіреміз. Дендеріңіз сау болсын, өздеріңдей патриот азаматтар мен азаматшалар көп болғай!, - деп медицина қызметкерлері алғысын білдірді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...