Елордадағы Жетіген көшесі уақытша жабылды
15 Қазан 2021, 15:12 219

Елордадағы Жетіген көшесі уақытша жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен Жетіген көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Жетіген көшесінде Досмұхамедұлы көшесінен Алаш тас жолына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты биылғы 15-25 қазан аралығында мұнда автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады. 

Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды өтінеміз, - деп хабарлады басқармадан.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...