Елордада «Әр жүректе – туған жер» атты ән байқауы өтті

19 Мамыр 2019, 11:49
3389
Бөлісу:
Елордада «Әр жүректе – туған жер» атты ән байқауы өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы Күзет полициясының қызметкерлері арасында М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Жастар жылына орай «Әр жүректе – туған жер» атты ән байқауы өтті.

«Байқаудың басты мақсаты – полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру және өнерлі полицейлерге қолдау көрсету», - дейді Күзет полициясы Әйелдер Кеңесінің ұйымдастыру алқасы.

Байқауда 5 үміткер патриоттық және еркін бағыттағы әндерді орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Бағын сынаған сайыскерлерге «Әзіл әлемі», «Көңілді тапқырлар алаңы» театрының музыкалық рекдакторы, әнші Досанәлі Дауылбаев, Білім басқармасының бас маманы Асыл Амангелдіқызы, Күзет полициясы басқармасының орынбасары Оралбек Тәубақабылұы қазылық етті. Әріптестерінің өнерін тамашалауға қызметкерлер де отбасымен қатысып, керемет әсер алғандарын бір-біріне жеткізіп жатты.

Сайыстың қортындысы бойынша 2-полиция батальонының полицейі полиция кіші сержанты Сабыр Ақбота І орынға ие болды. Ал жүлделі ІІ орынды 3-ПБ полиция аға лейтенанты Нұрманов Бекжігіт, ІІІ орынды басқарма апаратының қызметкері полиция лейтенанты Кәдірқұл Жаннұр иеленді. Қазылар алқасының шешімімен 1-ПБ полиция капитаны Дастенов Ойрат «Көрермендер көзайымы» атанса, Жақыпова Арайлым белсенді қатысқаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Басқарма бастығының орынбасары полиция майоры Омаров Оралбек Тәубақабылұлы конкурсты ұйымдастырған және оған ат салысқан қызметкерлерге алғысын айтып, өнерпаз жастарға орындаушылық шеберлігімен, талғампаздығымен үлкен табыстарға жете берулеріне тілектестік білдірді.

Өзгелердің жаңалығы