Елордада қауіпсіздік күшейтілді

6 Қаңтар 2022, 14:23
809
Бөлісу:
Елордада қауіпсіздік күшейтілді
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр. Арнайы жасақ мемлекеттік маңызы бар нысандарды күзетіп отыр. Ұлттық ұлан да қоғамдық орындардың барлығын бақылауға алды. Бұл туралы "Хабар24" телеарнасы хабарлады. 

Қазір қаладағы қоғамдық көліктер қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр. Интернеттің жоқтығы жол ақысын төлеуге кесірін тигізді. Алайда бұл жолаушылардың қатынауына ешбір әсерін тигізіп тұрған жоқ. 

Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер де ашық. Бірақ қолма-қол ақшамен ғана сауда жасайды. Онлайн төлем болмағандықтан қолма-қол ақшаға сұраныс артқан. Осыған байланысты банкоматтарда кезек көбейді.  Олардың кейбірінде ақша жоқ.

Қаладағы жағдай полицияның толық бақылауына алынды. Қалада 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай жарияланды. 

Өзгелердің жаңалығы