Елордада әкімдік жобалары бойынша онлайн-платформа ашылды

27 Маусым 2019, 09:11
1262
Бөлісу:
Елордада әкімдік жобалары бойынша онлайн-платформа ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ashyqаlan.kz интернет-платформасы бизнестің, мемлекеттің және жалпы қоғам алдында тұрған міндеттерді шешу үшін ақпараттық технологиялар арқылы халықтың ресурстарын жұмылдыруға арналған, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Интерактивті онлайн-платформа мемлекеттік органдар белгілеген тақырыптар бойынша мүдделі адамдарды біріктіріп, олардың өз идеяларын ұсынуына, түсініктеме беруіне, талқылауына және таңдауына мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысы азаматтардың барлық өтініштеріне жедел жауап беру және коммуникацияның жаңа формаларын пайдалануды әкімдерге басты міндеттердің бірі етіп қойып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және жеке өзім әрқашан тұрғындар мен біздің әріптестеріміздің өзара әрекетін барынша тиімді әрі нәтижелі етуге тырысамыз», - деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Қала әкімі тұрғындарды өздерінің идеяларын тікелей белсенді түрде ұсынуға және біздің қаланы жақсартуға қатысуға шақырды.

«Елорда дамуының бірлескен ең жақсы жолдарын табу үшін біліміміз бен тәжірибемізді ортаға салайық. Біз үшін сүйікті қаламызда тұратын, жұмыс
жасайтын, білім алатын және демалатын адамдардың пікірін білу маңызды. Әрбір пікір ескерусіз қалмайды. Ең жақсы идеялар жүзеге асырылады», - деп жалғады сөзін Алтай Көлгінов.

Азаматтардың интернет-платформаға жіберген идеялары сараптамалық іріктеуден, талқылаудан және дауыс беруден өтуге тиіс. Іріктеуден өткен жағдайда идеялар жүзеге асырылады.

Өзгелердің жаңалығы