Елордада «Duathlon Olympic day» турнирі өтті

7 Маусым 2021, 11:37
1659
Бөлісу:
Елордада «Duathlon Olympic day» турнирі өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық бақта Халықаралық Олимпиада күніне арналған дуатлоннан «Duathlon Olympic day» турнирі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, NOMAD TriClub Iron Qazaqstan, Нұр-Сұлтан қаласының триатлон федерациясы, Ұлттық Олимпиада комитеті қолдай отырып, «Nur Otan» партиясымен бірлесе ұйымдастырған.

Әр қашықтықтың ұзындығы Халықаралық Олимпиада күнін атап өту датасымен (23.06.2021) байланысты:

Жүгіру – 6 км – Ботаникалық бақтың ішінде үлкен шеңберде 2 айналым;
Вело – 23 км – Ботаникалық бақтың айналасында 5 айналым;
Жүгіру – 2021 метр – Ботаникалық бақтың ішіндегі үлкен шеңберде 1 айналым деп белгіленді.

Елордада «Duathlon Olympic day» турнирі өтті

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдергері:

Ерлер арасында:

1 орын - Дмитрий Адамович
2 орын - Антон Чиканков
3 орын - Қайрат Қоянбаев

Әйелдер арасында:

1 орын - Айна Үсенова
2 орын - Айнұр Құшарова
3 орын - Гүлмира Әменова

Қатысушыларға мәреде естелік медальдар мен сертификаттар табысталып, жарыс жеңімпаздары демеушілер ұсынған арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс ұйымдастырушыларына осындай спорттық мереке өткізгені үшін алғысымды білдіремін. Бәрі ойдағыдай өтті. Ерекше әсерге бөленіп, көңіл күйіміз көтеріліп қалды. Осындай жарыстар жиі ұйымдастырылса жақсы болар еді, - деді дуатон жеңімпазы Айна Үсенова.

Елордада «Duathlon Olympic day» турнирі өтті

Мұндай жарыстар адамға жігер береді. Спортпен шұғылданған адам ешқашан ауырмайды. Бәріңізді спортпен шұғылдануға шақырамын. Сондай-ақ бүгінгі жарысты ұйымдастыруға көмектескен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ерекше алғысымды білдіремін, - деп атап өтті қалалық триатлон федерациясының президенті Ержан Біржанов.
Өзгелердің жаңалығы