Елордада бірнеше маршруттың қозғалысы өзгереді

15 Шілде 2019, 18:34
1102
Бөлісу:
Елордада бірнеше маршруттың қозғалысы өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астана LRT кейбір маршруттардың қозғалыс схемаларының өзгеруін ескертеді.

 

Елорда көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Республика даңғылындағы көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты 17 шілдеден бастап 13 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасын уақытша өзгерту жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты "Астана LRT" ЖШС-ға сілтеме жасай отырып.

Жөндеу жұмыстары Республика даңғылы бойынша Иманов көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскеде жүргізілуде. Қозғалыс схемаларының өзгеруі келесі маршруттарға қатысты № 5, 5А, 8, 10, 20, 23, 33, 34, 40, 53, 64, 71, 73.

Жолда кептеліс тудырмас үшін қала тұрғындары мен қонақтарын алдын ала өз маршрутын жоспарлауыңызды сұраймыз.

Өзгелердің жаңалығы