Елордада «Bilim all IT» жаңа оқу орталығы ашылды

14 Қараша 2020, 11:28
2408
Бөлісу:
Елордада «Bilim all IT» жаңа оқу орталығы ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Strong mothers NS» қоғамдық қоры елорданың Сарыарқа ауданында «Bilim all IT» компьютерлік сауаттылыққа оқытудың жаңа орталығын ашты.

Мақсат - көпбалалы, жалғызбасты, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналарға көмектесу. Тамыз айынан бастап біз Байқоңыр ауданында оқу орталығын аштық, қызметтерге сұраныс жоғары болды. Қазір біз осындай орталықты Сарыарқа ауданындағы аналардың өтініші бойынша ашып отырмыз. Біздің мекемеде балалар ақысыз білім алады. Қосымша курстар, шахмат, көркемөнер, домбыра үйірмелері бар. Мұнда аналар да ағылшын тілін және компьютерлік сауаттылықты оқиды. Тағы бір мақсат - аналарға арналған ақпараттық қызметтер, оларды әртүрлі шеберлік сыныптарына шақыру, - дейді «Strong mothers NS» қорының құрылтайшысы Ұлжан Мырзагелдиева.
IT курстарымен 250 адамды қамту жоспарланған. Оқу орталығы екі ауысымдық режимде жұмыс істейді. Карантин кезінде санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес ұйымдағы үйірме жұмыстары оқу процесіне кедергі келтірмеу үшін демалыс күндері өткізіледі.
Шамамен 200-250 баланы қамту жоспарланған. Біздің мамандар жұмыспен қамту орталығы арқылы келген жас мұғалімдер. Барлық сабақтар санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі, - деді «Strong mothers NS» қорының басшысы Райгүл Серікбаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бірінші Bilim All орталығы Уәлиханов, 3 мекенжайы бойынша ашылған. Онда барлығы 300-ге жуық бала бар. Орталықта аз қамтылған, көпбалалы және толық емес отбасылардан шыққан және қолдауды қажет ететін отбасылардың балалапы әртүрлі курстарда ақысыз қосымша білім ала алады. Сонымен, орталықта күндізгі топтар, орыс, қазақ, ағылшын және араб тілдері курстары, математика, шахмат клубы, шеберхана, гитара мен домбыра үйірмелері бар.

Болашақта Орталықтар мастер-кластар, психологиялық тренингтер, заңгерлік кеңестер мен қолдауға мұқтаж аналарға көмектесу үшін кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Өзгелердің жаңалығы