Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

11 Наурыз 2019, 10:09
1542
Бөлісу:
Еліміздің бірнеше облысында дабылды ескерту жасалды

Астана, BAQ.KZ. Қазгидромет еліміздің бірнеше облысында 2019 жылдың 10-13 наурыз аралығында дабылды ескерту жасады.

Күндізгі және түнгі ауа температурасының жылуы мен жауын-шашын (көбіне жаңбыр) болжамына байланысты Батыс-Қазақстан облысында қарқынды қар ериді. Соған байланысты қарғын су мен өзендерде мұз еруіне орай су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Сонымен қатар, Шығыс-Қазақстан облысында да қар еріп, қарғын судың көбеюі, өзен суының тасуы болжанады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 11 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы