11 наурызға арналған ауа райы болжамы

11 Наурыз 2019, 09:49
2677
Бөлісу:
11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан аумағынан атомосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым  бөлігінде күн райы құбылмалы. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Кей жерлерде жауын жауады. Әсіресе елдің батысы мен оңтүстік-батысында  жауын көп болады. Сондай-ақ елдің бірқатар аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді. Солтүстікте желдің соңы боранға ұласуы ықтимал. 

Солтүстік Қазақстан обысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Сондай-ақ боран соғып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде екпіні секундына 25 метр болуы ықтимал.     

Ақмола, Қостанай облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болып, боран соғады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Қостанай облысында желдің екпіні 23 м/с-қа жетуі ықтимал.   

Алматы облысында түнде және таң ата тұман түсіп, Жалаңашкөл ауданында күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, екпіні секундына 25-метрге жетуі мүмкін. 

Жамбыл облысында түман түсіп, таң ата және күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. 

Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.   

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп,  желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.   

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түман түсуі ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы