Бас жаңалықтар
Еліміздегі ауруханалардың жедел жәрдем көліктері жаңарды
22 Қыркүйек 2020, 23:05 107

Еліміздегі ауруханалардың жедел жәрдем көліктері жаңарды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі отандық автоөнеркәсіп кешенімен бірлесіп, еліміздің қалалық және өңірлік ауруханаларының санитарлық көлік паркін жаңартты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Алғашқы жедел жәрдем көліктері Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына және Солтүстік Қазақстан облысына тапсырылды.

Бүгінде 18 бірлік отандық жедел жәрдем көлігі Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне берілді.

Қыркүйек айының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірлеріне отандық өндірістің 360 бірлігі жеткізіледі.

Жалпы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлердің медициналық мекемелерінің санитарлық көлік паркін жаңарту бағдарламасы бойынша 1 167 бірлік санитарлық автокөлік жеткізу жоспарланған, олар ағымдағы жылдың соңына дейін жеткізіледі.

Санитарлық көлікті жаңарту бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «СемАз» ЖШС және «Hyundai Trans Auto» ЖШС отандық өндірушілері қатысуда.

Жаңа жеткізілімдер «Jac Sunrey», «Hyundai H350» және «ГАЗель NEXT» отандық автомобильдерінен тұрады.

Бүгінде Қазақстан зауыттарында 700-ге жуық маман жұмыс істеп жатыр.

Қазақстанда ескірген санитарлық көлікті жаңарту жөніндегі бағдарлама денсаулық сақтау жүйесін маңызды қолдау болып табылады және отандық өндірісті дамытуға ықпал етеді.
Бағдарламаның жаһандық мақсаты - қазақстандықтардың денсаулығын сақтау, медицинаны, сондай-ақ машина жасау саласын дамыту, отандық автоөнеркәсіпті оқшаулау, жұмыс орындарын құру болып табылады

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...