Елімізде жыл сайын 78 учаскелік полиция пункті салынады

25 Мамыр 2021, 13:17
3276
Бөлісу:
Елімізде жыл сайын 78 учаскелік полиция пункті салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Учаскелік полиция қызметінің материалдық-техникалық жабдықталуын жақсарту мәселелері де шешіліп жатыр. Алдағы бес жылда жыл сайын 78 учаскелік полиция пунктін салу жоспарланған. Министр өңірлердің әкімдерімен ынтымақтастық туралы тиісті меморандумдарға қол қойды. Бұл ретте учаскелік пункттердің орналасуына ерекше назар аударылатын болады, - деді Мұрат Баймұқашев. 

Ол атағандай, қазір тек қалаларда ғана учаскелік жұмыс орындарының 30%-ы қызмет көрсетілетін учаскелерінен алыс орналасқан.

Көбінесе бұл қашықтық 2 немесе одан да көп шақырымды құрайды. Нәтижесінде азаматтардың көбінесе учаскелік инспекторға жеке бару мүмкіндігі жоқ. Сондықтан учаскелік инспекторлардың орналасу орындарын қызмет көрсетілетін учаскелерге барынша жақындату мәселелерін пысықтап жатырмыз. Жалпы учаскелік полиция инспекторларының жұмысының тиімді болуы үшін ішкі істер министрлігі барлық жағдайды жасауға кірісті. Бұл жұмыс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында тұр, - деді ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30%-ға өсетіні туралы жаздық
Өзгелердің жаңалығы