Учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30%-ға өседі – Баймұқашев

25 Мамыр 2021, 13:02
1842
Бөлісу:
Учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30%-ға өседі – Баймұқашев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты.

Учаскелік полицейлердің еңбегіне ақы төлеуге де ерекше көңіл бөлінеді. Тиісті әлеуметтік пакетті қалыптастыру кадрлық құрамның сапасын арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал ететіні белгілі. Тиісінше, қызметтің тартымдылығы артады. Үздіктерді іріктеу үшін үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары, оның ішінде бос жұмыс орындарына орналасуға қойылатын талаптар арттырылады, - деді Баймұқашев. 

Ол атағандай, 2019 жылы учаскелік инспекторлардың жалақысы 25%-ға өсті.

Осы жылдың басынан бастап олардың көмекшілерінің жалақысы 30%-ға өсті. Қазір учаскелік инспекторлардың жалақысы 177-ден 260 мың теңгеге дейін. Сонымен қатар келесі жылдан бастап учаскелік инспекторлардың жалақысы тағы 30% - ға, ал олардың көмекшілерінің жалақысы 7%-ға өседі, - деді ол. 

Мұрат Баймұқашев атап өткендей, 2019 жылдың шілдесінен бастап учаскелік инспекторларға тұрғын үйді жалға алғаны үшін өтемақы төленеді.

Ал осы жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл тізімге учаскелік көмекшілер де енгізілді. Осы жылдың сәуір айынан бастап олар бұл тұрғын үй төлемдерін тұрғын үйді сатып алу үшін де пайдалана алады – төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық несиелендіру арқылы, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы