Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

25 Мамыр 2021, 13:05
4451
Бөлісу:
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балалардың саны артып келеді. Аутизм, сөйлеу дамуының тежелуі, ДЦП және Даун синдромы сияқты диагноздары бар балалар қоғамның толық мүшелері бола алады. Олар дамуға, оқуға және әлеуметтік өмірге құқылы. Жыл сайын мұндай балалармен жұмыс істеудің технологиялары мен әдістері айтарлықтай алға жылжыды. Қазіргі күні заманауи оңалту технологиялары Қазақстанда да пайда бола бастады. Сондай оңалту орталықтарының бірі – елордадағы «Қамқорлық» оңалту орталығы.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Айта кетсек, Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бірдей мүмкіндік жасауды тапсырған болатын.

Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Тек ресми статистика бойынша 80 мыңнан астам бала мүгедектігіне байланысты есепте тұр.

Үкімет БЦП диагнозы бар балаларға медициналық және әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту үшін шаралар қабылдауы керек. Балаларға қолжетімді болуы үшін шағын және орташа оңалту орталықтарының желісін кеңейту қажет. Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлау алдындағы бағдарламамда айттым. Үкіметке енді осы мақсатқа үш жыл ішінде кем дегенде 58 миллиард теңге бөлуді тапсырамын, - деп өз Жолдауында айтқан еді Президент.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Қазіргі күні Президенттің тапсырмасы қалай жүзеге асырылып жатқанын өз көзімізбен көру үшін Нұр-Сұлтандағы «Қамқорлық» оңалту орталығына бардық.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қамқорлық» РО Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында басқа орталықтармен бірге 2020 жылдың желтоқсан айында ашылды. Нұр-Сұлтан, Өскемен, Тараз, Рудный, Орал, Атырау, Шымкент қалаларында барлығы 7 оңалту орталығы және Алматы облысында 1 катамнестикалық кабинет ашылды.

«Қамқорлық» орталығы елордадағы №1 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының жанынан ашылған. Оның қызметімен бөлім меңгерушісі Алина Жакашева таныстырды.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оның сөзінше, жыл сайын орталық 600 балаға көмек көрсетуге дайын, ал ай сайын күндізгі стационарда 50 бала емделеді.

Орталықта ондаған оңалту кабинеттері жұмыс істейді. Соның бірі - емдік дене шынықтыру кабинеті.

Бұл жерде тренажер аппараттары бар. Ал бұл - корвит аппараты. Аталған құрал дұрыс жүрмейтін, жүре алмайтын немесе аяғын дұрыс қоймайтын балаларға арналған. Негізі бұл аппарат ғарышта ұзақ болған ғарышкерлердің қайта дұрыс жүруі үшін шығарылған. Сондай-ақ әр балаға жеке аяқ киім беріледі, - деді ол.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Бұл кабинетте басқа да тренажер аппараттары бар. Әрі ойнап, әрі шынығуына, оңалуына мүмкіндік беретін заманауи құралдармен жабдықталған. Мысалы, экранда көрсетілген жұлдыздарды ұстап немесе қақпаға гол соғу арқылы балалар аяқтарымен, қолдарымен жұмыс істейді.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Дәрігердің айтуынша, балалар күн сайын жинаған жұлдыздарының саны өсіп отырады. Бұл өз кезегінде аппараттың, оңалту әдісінің тиімділігін көрсетеді.

Сонымен бірге орталықта ЕДШ кабинеттері, бальнеотерапиялық, сенсорлық, интерактивті, шунгитті және тұзды бөлмелер, сондай-ақ механотерапия, логопед, психолог, эрготерапевт, дефектолог, физио кабинеттері жабдықталған.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Алина Жакашева орталықтағы әр кабинеттің атқаратын қызметімен және жабдықталған технологияларымен таныстырды.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Балалар орталықта 21 күн бойы қатарынан ем қабылдайды. Оларды тіркелген емханасы портал арқылы оңалтуға жіберіп отырады. 21 күн өткеннен кейін мамандар ата-ана мен баласын үйіне жібереді. Кейін олар бірнеше уақыттан кейін қайта оңалту орталығына келіп, емдерін жалғастырады.

Орталыққа келген балалар велосипед жүргізуді де үйрене алады. Міне анасының жетекшілігімен бала велосипед теуіп жүр. Сондай-ақ кондуктивті сабақ өтеді. Бұл кабинетте балалар отырып демала да алады, теледидар да көре алады. Сонымен қатар ата-аналары баласы орталықта 3-4 сағаттап емделіп жүргендіктен өздерімен бірге тамақ алып келеді. Осы бөлмеде балаларын тамақтандыруға да жағдай жасалған, - деп айтты маман.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оның сөзінше, балалар күнде орталыққа келеді. Біреуі түске дейін келсе, ал кей бала түстен кейін келуі мүмкін. Себебі балалардың кейбірі мектепте оқиды.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Орталық жаңа жабдықтармен, соның ішінде ортездері бар «Корвит» табан жүрісінің тірек жүктемесінің имитаторымен, қолдың ұсақ моторикасы дағдыларын қалпына келтіруге арналған кешенмен, «Атлант» нейро-ортопедиялық оңалту пневмокостюмімен, сенсорлық бөлмемен, интерактивті үстелмен, бальнеологиялық ванналармен, ортопедиялық велосипедтермен, вертикализаторлармен, ортопедиялық орындықтармен, кресло-арбалармен, «MOTOmed» терапиялық тренажерымен, БОС жабдықпен және басқа да басқа құралдармен жарақталған.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Бастама Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Самұрық-Қазына» АҚ-мен және оның қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен, Үкімет пен әкімдіктердің қолдауымен жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев қоры оңалту орталықтарында жұмыс жасауы үшін 220 маманды даярлап, оқытты, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жабдықтар сатып алуды қаржыландырды. Облыс әкімдіктері үй-жайлар бөліп, жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Статистикалық деректерге сәйкес Қазақстанда даму ерекшеліктері бар 89 000 бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 000 бала тұрады.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қамқорлық» РО Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында басқа орталықтармен бірге 2020 жылдың желтоқсан айында ашылды. Нұр-Сұлтан, Өскемен, Тараз, Рудный, Орал, Атырау, Шымкент қалаларында барлығы 7 оңалту орталығы және Алматы облысында 1 катамнестикалық кабинет ашылды. Орталықтың ашылу тарихы мен мақсаты туралы Қамқорлық қоры директоры Арайлым Еркінова айтып берді.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Жыл сайын осы орталықтарда церебральды сал ауруы және басқа да нейро-ортопедиялық бұзылулары бар 5000-ға жуық бала тегін кешенді оңалтуды ала алады. Оңалту қызметтері емдік дене шынықтыру залдарында 21 күн ішінде ЕДШ нұсқаушыларымен жеке сабақтар арқылы, гидромассаждық ванналар түрінде сумен емдеу, бассейндерде, биологиялық кері байланысы бар тренажерларда, механотерапия залында өтеді, - деп түсіндірді қордың директоры.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Сондай-ақ, жаңа аппараттарда электрмен емдеу, магнитотерапия, ультрадыбыс және басқа физиотерапиялық процедуралар қарастырылған. Эрготерапия ерекше жабдықталған кабинетте жүргізіледі. Атап айтқанда, роботты тренажер арқылы жүзеге асырылады, ол практикалық дағдылардың ойын жаттығуларын және балалардың өз-өзіне қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту бағдарламасының құрамдас бөлігі - қазіргі заманғы проекциялық және ойын технологияларымен жабдықталған интерактивті және сенсорлық бөлмелердегі түзету және дамыту сабақтары. Жалпы, оңалту ҚР ДСМ ұсынған кешенді модельге сәйкес ұйымдастырылған. Орталықтарда жұмыс істейтін 220 маман оқытылды. Алдағы уақытта шетелдік тәлімгерлерден үздік әлемдік практикаларды оқыту жоспарланып отыр.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Сондай-ақ қор директоры балаларды қолжетімді жерде сапалы оңалту үшін жағдай жасау мақсатында оңалту орталықтарына жетекшілік етуді жалғастыруға ниетті екенін жеткізді.

Орталықтар мамандарының жұмысының және орталықтарды ең үздік заманауи оңалту жабдықтарымен қамтудың арқасында біздің балаларымыздың алғашқы тамаша жетістіктерін қуана айтуға болады. Бүгінгі күні 1 866 бала оңалту курсынан өтті, оның ішінде 149 бала басын ұстай бастады, 156 бала еңбектеуді үйренді және 195 бала алғашқы қадамдарын жасаса, 264 бала алғашқы сөздерін айтты, - деді Еркінова.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Сонымен қатар маманның сөзінше, биыл қор Самұрық-Қазынамен бірлесіп қосымша 8 оңалту орталығын және 2 ерте араласу орталығын ашуды жоспарлап отыр. Осының нәтижесінде жыл сайын 11 000 бала оңалтумен қамтылады. Сондай-ақ, балаларды мүгедектіктің алдын алу мақсатында Елбасы бастамасының аясында тағы 17 ерте араласу орталығы ашылады.

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Айта кетейік, оңалту қызметтері балаларға тегін көрсетіледі. Оңалту курсына жіберу үшін ата-аналар тұрғылықты жері бойынша емдеуші педиатрға жүгінуі керек.

Ата-ана мен «ерекше» бала

Жоғарыда айтылған орталыққа әр лег сайын 50 баладан келеді. Қазіргі күні де осындай балалар ата-аналарымен орталыққа келіп, ем-дом алып жүр. Олардың қатарында Фарис те бар. Оның анасы Венера Исаевамен әңгімелесіп, емнің қалай жүргізіліп жатқанын сұрадық. 

Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Фарис шілдеде 5 жасқа толады.

Біздің диагнозымыз - церебралды сал ауруының гиперкинетикалық түрі (Гиперкинетическая форма ДЦП). Бізге 4 айлық кезімізде осы диагнозды қойды. Дәрігерлердің айтуынша, сары аурудан кейін пайда болған. Алғашында орташа ауырлық дәрежесі, қазір енді ауыр формасын қойып отыр. Себебі бала жүрмейді, отырмайды, айналмайды, көбінесе жатады, - деді ол.
Фарис бұл орталыққа алғаш рет осы жылы қаңтар айында келген.
Қаңтар бірінші рет келдік. Енді екінші рет қайта ем алып жүрміз. Бізге орталық өте ұнайды. Бұл жерде баламызбен жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Орталықта барлық мамандардың көмегін алып, түрлі құрал-жабдықтарды пайдалана аламыз. Яғни өз денесін сезінуге мүмкіндік беретін костюмді киіп, «ходунокты» пайдаланамыз, - деп айтты Венера.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

 Фарис анасымен бірге логопед, психолог, дефектолог мамандарына барады, сонымен бірге физио кабинетте де жаттығады.
Дәрігерлер жазып берген барлық нұсқаулықты алып жүрміз. Туылған кезіндегімен салыстырғанда көрсеткіш жақсарды. Себебі 2 жасқа дейін дұрыс ұйықтамады, гиперкинез болып, үнемі арқа шалқая беретін. Қазір ұйқысы айтарлықтай жақсарды. Бұған баламызбен үнемі жұмыс істеп, осындай орталықтарға келуіміз себеп болды деп ойлаймын. Қазір басын тік ұстай алады, - дейді Фаристің анасы.
Олар орталыққа келу үшін алдымен анализдерді жинап, мүгедектігі туралы анықтама тапсырған.
Ең алдымен қажетті анализдерді тапсырдық. Кейін педиатр порталға тіркейді. Орталыққа келуге ешқандай мәселе болған жоқ. Ешқашан кезек күткен емеспіз, - деп айтты ол.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні
 
Венера Фарис туылғалы бала күтіміне байланысты еңбек демалысында. Венераның 2 баласы бар. Фарис 5 жаста болса, екіншісі 1 жаста.
Екінші баламыз шүкір дені сау. Үйде туыстарымыз көмектесіп отырады. Ұлымыз әкесінің бауырларының бәрін біледі. Фарис оларды жақсы көреді. Керісінше, қоғам ортасында өзін жайлы сезінеді. Осындай орталықтарға барғанда басқа балаларға қарап отырады, олар жимиып күлсе, жауап ретінде Фарис те күледі. Үйде отыра бергеннен осылай сыртқа шығып тұрған ұлыма пайдалырақ, - деп түсіндірді Венера Исаева.
Фарис пен анасы орталықта таң атқаннан түскі 1-ге дейін жұмыс істейді.
Мұндай балалардың болмағаны дұрыс болар еді. Бала әлі кішкентай кезінде оның алдын алса, жақсы болушы еді. Дегенмен уақыт өте осындай орталықтар ашылған сайын бізге де жеңілірек бола түсті. Қайда барғымыз келетінін таңдай аламыз. Бала үйде ғана отыра бермейді, - дейді анасы.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

Ол мұндай жағдайлардың себебі дұрыс диагностика жасалмауынан, ата-аналардың тәжірибесінің аздығынан, көп нәрсені біле бермейтіндігінен деген пікір білдірді.

Екінші ұлымыз да сары аурумен ауыра бастағанда көңіл бөліп, тиісінше жұмыс істедік. Қазір барлығы жақсы, сары аурудың белгілері қалмады. Ал Фаристе ол бар. Егер кезінде оны қалай емдеп, қандай әрекет жасау керегін білгенде балам мұндай жағдайға түспес еді. Себебі мен мұны білмедім, оны маған ешкім айтпады. Нәтижесінде бала да, біз де зардап шегіп жүрміз, - деп айтты Венера Исаева.
Оңалту орталығындағы «ерекше» балалардың бір күні

 Айта кетейік, Қазақстанда даму ерекшеліктері бар 89 000 бала және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 150 000 бала тұрады.

Өзгелердің жаңалығы