Елімізде жол-көлік оқиғасы 4,9% азайды

14 Тамыз 2019, 23:15
1681
Бөлісу:
 Елімізде жол-көлік оқиғасы 4,9% азайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ағымдағы жылғы қаңтар-маусымда 9437 адам зардап шеккен 6743 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,9%-ға кем. Бұл туралы Статистика комитетінен хабарлады. 

2019 жылғы қаңтар-маусымда Қазақстан Республикасында 404916 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда олардың саны 5,4%-ға кеміді. 

Жалпы, елімізде 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3687,6 мың бірлікті құрады. Ал, сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 14,5 млрд теңге сомасына 37672 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы