Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді

14 Тамыз 2019, 22:36
1944
Бөлісу:
Экология министрлігінің мамандары Бурабайда ағаш кесілген жерге жіберілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге жіберілді. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында жазды. 

"Президенттің тапсырмасы бойынша,Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ағаш кесілген жерге мамандар жіберіліп, тергеп-тексеру жүргізілуде. Бұл жайсыз оқиғаның тексеру барысын бақылауда ұстаймыз. Министрлік заңсыз ағаш кесу бойынша жауапкершілікті қатаңдатуды жоспарлап отыр", - дейді министр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бурабайдағы ағаштардың кесілуіне наразылығын білдіріп, Үкімет пен жергілікті әкімдікке шара қабылдауды тапсырды. 
Өзгелердің жаңалығы