Алматы, BAQ.KZ. Ресейдің Кисловод қаласының мэрі Александр Курбатов электросамокатын теуіп жүрген жерінен құлап, ес-түссіз күйге түсті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Оқи отырыңыз:
Сенбі күні Ставрополь қаласының губернаторы Владимир Владимиров шенеуніктің электросамокаттан абайсызда құлап, қатты жарақат алғанын айтты.
Дәрігерлер оған ота жасады, қазір ол жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр, - делінген Кисловод әкімшілігінің Instagram парақшасында.
фото: newstracker.ru