Елбасының Еуразиялық бастамасына 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі

11 Сәуір 2019, 15:15
1970
Бөлісу:
Елбасының Еуразиялық бастамасына 25 жыл: Ынтымақтастықтың жемісі мен жеңісі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада «Идеядан - шынайы болмысқа: Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық бастамасына 25 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 

Конференция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «іс жүзіндегі еуразиялық» идеясын жария етуінің ширек ғасырлық атаулы күніне және Еуразиялық Экономикалық Одақтың құрылуының бес жылдығына орайластырылды.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев конференция қатысушыларына арналған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін оқып берді.

«1994 жылы Мәскеу университетінің қабырғасында интеграциялық жобаны құру идеясын ұсындым. Ол кезде бұл жоба азаматтардың әл-ауқатын арттыратын қуатты интеграциялық экономикалық одақ ретінде көрінді. Бүгін ол шынайылыққа айналды. Биыл Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылғанына 5 жыл, ал Еуразиялық интеграция идеясына 25 жыл толып отыр. Қазіргі заманғы ЕАЭО сыртқы саудасы 750 млрд теңге сауда айналымы бар үлкен нарық», - делінген Елбасы үндеуінде. 

Ресей Президенті Владимир Путин арнайы құттықтау жолдапты. Оны РФ президенті басқармасының Шетелдермен аймақаралық және мәдени байланыстар жөніндегі бастығы Владимир Чернов оқып берді.

«Еуразия кеңістігінің ширек ғасырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ММУ-да ұсынған теңқұқылы елдердің бірігу идеясы сәтті түрде Экономикалық одаққа ұласты. Еуразиялық интеграцияның жобасы өзінің тиімділігін көрсетті. ЕураЗЭҚ  мүшеелдері сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық байланысты дамытып жатыр. Шекаралық және өңіраралық ынтымақтастық дамып жатыр. Әртүрлі салаларда ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатырмыз. Конференция аясында ұсынылған бастамалар мен ұсыныстар  Еуразиялық экономикалық одақтың нығая түсуіне мүмкіндік береді», - делінген В.Путиннің құттықтауында.

Конференцияға 300-дей адам қатысты.Оның ішінде Еуразиялық Экономикалық Одақтың, Қазақстан мен Ресей парламенттерінің, президенттер әкімшіліктерінің, сыртқы саясат ведомстволарының басшылары, Қазақстан астанасында орналасқан шетел дипломатиялық миссияларының басшылары, Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше мемлекеттердің жетекші сарапшылары, қоғамдық қайраткерлері бар.

Жиында маңызды мәселелер мен шешімдер талқыланатынын Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова атап өтті.

«Еуразиялық экономикалық одақтың 25 жылдығын атап өтуге арналған Қазақстан-Ресей халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өткізіп жатырмыз. Идея бастамасын 1994 жылдың 29 наурызында Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алғаш рет Еуразиялық одақтасу барысындағы ұсынысы мен Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. Осы екі оқиға үлкен тарихи маңызға ие.Елбасы өзінің алғашқы баяндамасында Мәскеу университетінің сахнасынан одақтық интеграциялық бірлесу ұсынысы бүгінгі күні өзінің тарихи мәнін көрсеткенін айтуға болады», - деді Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Ол форумда маңызды мәселелер талқыланып, ортақ межеге келетін оқиғалар көп екенін айтты.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет жариялаған идея - болашаққа ұмтылған идея. Әр мемлекет қазіргі жаһандық үрдістердің барысында серіктестік пен ынтымақтастықты сұраныс етеді. Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы шығу барысындағы шешім, екіншіден, экономикалық даму барысында бір шешуші жолдың көрінісі болып табылады. Конференцияға қатысушылар ой-пікірлерінің бірлескен резолюциясында негіздеп оны қатысушылардың ортасына сынға салу көзделіп отыр», - деді Б.Қаипова.

 И.Рогов одақтас елдер өз қызығушылықтарын сақтап қалатынын жеткізді.

«Еуразиялық экономикалық одаққа ене отыра өзге қатысушылар толық ішкі қызығушылықтарын сақтап қалады», - деді Конституциялық кеңестің басшысы Игорь Рогов.

Сондай-ақ, пленарлық отырыспен екі панелдік сессиялардың аясында ХХІ ғасырдың сын-қатерлері алдында ЕАЭО-ның тиімділігі мен халықаралық мәртебесін арттыру, халықаралық кеңістіктің заманауи жүйесіндегі Үлкен Еуразияның рөлі, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграцияның перспективалық бағыттары сынды мәселелер бойынша ашық пікір алмасулар болды.


Өзгелердің жаңалығы