Елбасы балаларды вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

17 Қараша 2021, 16:48
907
Бөлісу:
Елбасы балаларды вакцинациялауға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Астана клуб» отырысына онлайн қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

Біз барлығымыз пандемия не екенін білеміз. Мемлекеттерде не болып жатқанын көріп отырмыз. Қазақстан бүгінде вакцинаның алғашқы компонентімен халықтың 75 пайызын вакциналады. 68 пайыз көрсеткіш бойынша еліміз посткеңестік кеңістіктегі бірінші орынға шығып отыр. Бірақ бұл әлі де аз. Қазір 12 жастан бастап балаларды вакциналау мәселесі тұр, - деді ол.
Елбасы атап өткендей, бұл зұлымдыққа әлем болып қарсы күресу керегін айтты.
Бұл біздің ел мен әлемнің экономикасына айтарлықтай әсер етті. Босқындар мен кедейлердің санын арттырды, - деді Елбасы.


Өзгелердің жаңалығы