Екпе алған балалардан вакцинация құжаты мен Ashyq жүйесі талап етіле ме?
23 Қараша 2021, 17:04 98

Екпе алған балалардан вакцинация құжаты мен Ashyq жүйесі талап етіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі уақытта вакцинация құжаты тек ересектерде ғана бар.

Екпе алған әр баланы жазып, тіркеп отырмыз. Кейбір азаматтар сұрап жатыр. Екпе құжаты балаларда туған кезінен бастап бар. Қызылшаға, көкжөтелге қарсы екпе алады. Сол секілді екпе құжатына тағы бір екпе салдырды деген қосымша ақпарат енгізілетін болады, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысының кулуарында.
Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері халықтың негізгі бөлігі екпе алып үлгергенін айтты.
Бастапқы кезеңде түсініспеушіліктер болды. Алайда өте ауқымды жұмыс атқарылды. Қазір көпшілік тәртіпке бағынады, барлық жерде камералар орнатылған. Жалған құжатқа қатысты қандай да бір өрескел жағдайлар орын алса, олар тыңғылықты тексеріліеді, - деді Алексей Цой.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр елімізге «Спутник Лайт» вакцинасының жеткізілуі мүмкін екендігін айтқан еді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...