2018 жылы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7% болды

15 Қаңтар 2019, 15:43
2281
Бөлісу:
2018 жылы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,7% болды

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығындағы еліміздің экономикалық және әлеуметтік секторындағы индикатор көрсеткіштерін ұсынды. 

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 104,7% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11130 млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 17,2% артық.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 27576,1 млрд. теңгені құрды, бұл 2017 жылға қарағанда 4,1% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,6%, өңдеу өнеркәсібінде – 4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,4% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 1% төмендеді.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда ауыл, орман және балық шаруашылығы жалпы өнімінің (қызметі) көлемі 4410,1 млрд. теңгені құрап, 2017 жылға қарағанда 3,4% артты.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 3842,9 млрд.теңгені құрады, бұл 2017 жылға қарағанда 4,1% артық.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,6%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда жүк айналымының көлемі 596,1 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2017 жылғы қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 7,3% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 281,5 млрд. жкм құрап, 3,2% артты.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 102,6%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 107,6%-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда бөлшек сауда көлемі 10069,7 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда көтерме сауда көлемі 22965,9 млрд. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,2% құрады (салыстырмалы бағада).

2018 жылғы қаңтар-қарашада сыртқы сауда айналымы 84344,6 млн. АҚШ долларын құрап, 2017 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 20,5% артты, соның ішінде экспорт – 54673,5 млн. АҚШ долларын (26,4% көп), импорт – 29671,1 млн. АҚШ долларын құрады (11,1% көп).

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 433774 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 424796 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 279720 құрады, оның ішінде 271208 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 105,3%-ды құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,1%, азық-түлік емес тауарларға – 6,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,5%-ға өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2018 жылғы желтоқсанда 2017 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,4% жоғарылады.

Әлеуметтік сектор

2018 жылғы қарашада халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 95152 теңгені құрады, бұл 2017 жылғы қарашаға қарағанда 6,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% жоғарылады.

2018 жылғы желтоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 174642 теңгені құрады.

2018 жылғы желтоқсанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 445,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2018 жылғы желтоқсанның соңына 91,6 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1%.

Өзгелердің жаңалығы